$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

2025 жылы қанша адам әскерге шақырылмақ?

Редакция
02 желтоқсан 2024, 06:05
2025 жылы қанша адам әскерге шақырылмақ? Сурет авторы: Ақорда

Қорғаныс министрлігі 2025 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы қаулы жобасын дайындады. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Жоспар бойынша, әскерге шақыру екі кезеңде өтеді: наурыздан маусымға дейін және қыркүйектен желтоқсанға дейін. Осы уақыт аралығында 41 706 азамат әскер қатарына алынбақ.

Әскерге 18-27 жас аралығындағы, кейінге қалдыру құқығы жоқ ер азаматтар шақырылады.

Салыстырмалы түрде, 2024 жылы шамамен 40,2 мың азамат әскерге шақырылған болатын.

Соңғы жаңалықтар