$ 465.08 € 536.52 ₽ 5.56

17 мың адамда 6-дан артық пәтер бар, ал миллиондаған қазақстандық әлі де баспанасыз жүр

Редакция
13 тамыз 2026, 15:29
17 мың адамда 6-дан артық пәтер бар, ал миллиондаған қазақстандық әлі де баспанасыз жүр Сурет авторы: an-softloft.com

Қазақстанда жылжымайтын мүлік иелерінің статистикасы жарияланды. «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимованың мәліметінше, елдегі 17 мың адам алтыдан онға дейін пәтерге иелік етеді.

Елімізде жалпы саны 6,2 миллион пәтер мен 2,3 миллион жеке тұрғын үй тіркелген. Халықтың меншік құқығы бойынша бөлінісі төмендегідей:

  • 5,5 миллион қазақстандық (78%) – тек бір ғана баспананың иесі.

  • 934 мың азамат – екі пәтерге ие.

  • 219 мың адам – үш пәтері бар орта тап өкілдері.

  • 82 мыңға жуық адам – төрт немесе бес пәтерді басқарады.

  • 17 мың адам – алтыдан онға дейін пәтердің иегері.

Сарапшылардың пікірінше, елдегі тұрғын үйге деген сұраныс демографиялық жағдайға тікелей байланысты. Қазіргі уақытта халықтың орташа жасы 29 жасты құрайды. Осыған орай, алдағы бес жылда төлем қабілеті жоғары сұраныс сақталады деп күтілуде.

Сонымен қатар ресми деректер бойынша, кәмелетке толған 1,08 миллионға жуық қазақстандық әлі күнге дейін жеке меншік баспанаға қол жеткізе алмаған.

Соңғы жаңалықтар