$ 489.17 € 576.63 ₽ 6.38

17 миллион теңге шығын: Семей әуежайы авиаотын бағасын негізсіз өсіргені үшін жауапқа тартылды

Редакция
19 ақпан 2026, 11:58
17 миллион теңге шығын: Семей әуежайы авиаотын бағасын негізсіз өсіргені үшін жауапқа тартылды Сурет авторы: arbatmedia

Абай облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті «Семей халықаралық әуежайы» ЖШС-не қатысты тергеу амалдарын аяқтады. Кәсіпорын авиаотынды бөлшек саудада өткізу кезінде өзінің үстем жағдайын асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Тергеу барысында әуежай басшылығының авиаотынға монополиялық жоғары баға қойып, оны тұрақты ұстап тұрғаны белгілі болды. Бұл әрекет ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы, 1-тармақшасына сәйкес бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұзу болып табылады.

Семей қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты кәсіпорынға келесідей жаза қолданды:

  • 8,8 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды;
  • Монополиялық қызметтен түскен 8,5 млн теңге табыс тәркіленді.

Әуежай әкімшілігі бұл шешімге шағым түсіргенімен, Абай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қаулыны өзгеріссіз қалдырды. Қазіргі уақытта сот шешімі заңды күшіне енді.

Антимонополиялық органның нұсқамасымен кәсіпорын монополиялық жоғары бағаны тоқтатып, авиаотынды өткізуде негізделген баға белгілеу жүйесіне көшті. Қазіргі уақытта нұсқама толық көлемде орындалды.

Соңғы жаңалықтар