16 сағаттық тікелей эфир: «Референдум – 2026» онлайн марафоны басталды
Республикалық референдум аясында «Референдум – 2026» атты ауқымды онлайн марафон басталды. Шараны «Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұйымдастырып отыр. Таңғы 09:00-де басталған медиа-марафон түнгі 01:00-ге дейін жалғасып, жалпы ұзақтығы 16 сағатқа созылады.

Тікелей эфир барысында қоғамдағы өзекті мәселелер көтеріліп, ел дамуына қатысты тың бастамалар мен инновациялық жобалар таныстырылады. Онлайн марафонның ашылуында 100 домбырашы әйгілі «Балбырауын»күйін орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Іс-шара барысында алғаш рет отандық өнертапқыштар жасаған роботтар жүргізушілерге көмектесіп, ал голограмма технологиясы арқылы Қазақстанның жетістіктері таныстырылады.
Марафон шеңберінде бес негізгі алаң жұмыс істейді. Басты сахнада қоғам қайраткерлері, сарапшылар мен танымал тұлғалардың қатысуымен пікірталастар өтсе, ток-шоу алаңында білім, креатив индустрия, цифрландыру, жасанды интеллект және жастар мәдениетіне қатысты өзекті тақырыптар талқыланады.

Ал инновация алаңында жасанды интеллект жобалары, роботтар, IT стартаптар мен жаңа технологиялық өнімдер көпшілік назарына ұсынылады. Бұл алаң биыл алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Сонымен қатар орталық коммуникациялар алаңында әр екі сағат сайын ресми органдар мен сарапшылар референдум барысына қатысты пікір білдіреді. Экспресс-камера форматында журналистер қатысушылардан блиц-сұхбат алып, көрермендердің көзқарасын тікелей эфирде көрсетеді.
Онлайн марафон аясында киберспорт, инклюзивті қоғам, әйелдер құқықтары, балалар қауіпсіздігі, білім беру, патриотизм, креативті индустрия, волонтерлік қозғалыс, жасанды интеллекттің дамуы сияқты маңызды тақырыптар талқылануда.
Медиа алаңда отандық өнертапқыштардың бірқатар жобалары ұсынылды. Олардың қатарында ағылшын тілін үйретуге арналған Aleem қосымшасы, болашақта медицинада қолданылуы мүмкін механикалық жүрек жобасы, сал ауруына шалдыққан адамдарға арналған арнайы арба, сондай-ақ майтабанды анықтайтын «ақылды ұлтарақ» бар.
Бұдан бөлек, төтенше жағдайлар қызметі өрт сөндіруге арналған роботтың мүмкіндіктерін таныстырады. Жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін робот иттер белгіленген аумақты автономды түрде бақылап, ақпаратты басқару орталығына жібереді. Сондай-ақ шахтерлердің қауіпсіздігін арттыруға арналған «Mainsafe» смарт-қолғапы мен ластанған ауадан принтерге арналған бояу өндіруге мүмкіндік беретін инновациялық жоба да көпшілікке ұсынылды.
Марафонға халықаралық UAE SWAT Challenge турнирінде әйелдер арасында бірінші орын алған «Томирис» арнайы жасағы да қатысып, тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар саясаткерлер, сарапшылар, қоғам қайраткерлері, өнер және спорт өкілдері, оның ішінде киберфутболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Абылайхан Ахметов пен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан сияқты танымал тұлғалар қатысуда.
Онлайн марафон отандық БАҚ-тың YouTube, Facebook, Instagram, TikTok және Telegram желілеріндегі ресми парақшаларында тікелей көрсетіліп жатыр. Сонымен қатар «Референдум – 2026» арнайы Telegram арнасы іске қосылған.

Наурызнама онкүндігі аясындағы Қайырымдылық күніне орай марафон барысында «Қайырымды жан» номинациясының жеңімпаздары марапатталады. Ал сахнада BAYANSULU, AUKA, KOBA секілді жас жұлдыздар өнер көрсетіп, кешті DJ MONOGAMM музыкалық сүйемелдеумен әрлейді.
«Референдум – 2026» онлайн марафоны қоғамдағы маңызды мәселелерді талқылауға, пікір алмасуға және отандық инновациялық жобаларды таныстыруға арналған ірі ақпараттық алаңға айналды.
Соңғы жаңалықтар
-
SDU UNIVERSITY-ДЕ ПРОРЕКТОР АУЫСТЫ
12 сағат бұрын
-
Қазақстандықтарға террористік қауіп туралы SMS хабарламалар жіберіледі
15 сағат бұрын
-
Тоқаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын ауыстырды
15 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинмен алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерді талқылады
16 сағат бұрын
-
АҚШ жасырын түрде 25 мыңнан астам мигрантты үшінші елдерге депортациялаған
16 сағат бұрын
-
Граффити салғандар жауапқа тартылуы мүмкін: Үкімет заңды өзгертпек
16 сағат бұрын
-
Қазақстан әскери қызметшілері мен техникасын Ресейге жібереді
17 сағат бұрын
-
Жоғары технологиялық ортопедиялық операциялар енді өңірлерде де тегін жасалуда
17 сағат бұрын
-
Асель Қанай Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
18 сағат бұрын
-
Шығыс Қазақстанның Польшаға экспорты 17 пайызға өсті
19 сағат бұрын
-
Референдум шешеді: Шотландия, Уэльс пен Солтүстік Ирландия Ұлыбритания құрамынан бөлек шыққысы келеді
20 сағат бұрын
-
Аймағамбетов МӘМС жүйесіндегі мемлекетке артық шығын келтіретін процедураларды жоюды ұсынды
20 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинді Ресейдегі Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады
21 сағат бұрын
-
Трамп балалар екпесін бес бөлікке бөлуді ұсынды
22 сағат бұрын
-
Қазақстандықтар АҚШ-қа қашан тікелей ұша алады
22 сағат бұрын
-
Семей қаласында Қала күніне арналған мерекелік апталық өтті
22 сағат бұрын
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
2 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
2 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
3 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
3 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
3 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
3 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
3 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
3 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
3 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
3 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
3 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
3 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
3 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
4 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
5 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
5 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
5 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
5 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
6 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
6 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
6 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
6 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
6 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
6 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
6 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
6 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
6 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
6 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
6 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
6 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
6 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
6 күн бұрын