$ 453.65 € 509.99 ₽ 5.31

16 миллион қазақстандықтың дерегі таралған даулы іс: Министрлік тергеудің қалай аяқталғанын білмейді

Редакция
06 қазан 2026, 11:29
16 миллион қазақстандықтың дерегі таралған даулы іс: Министрлік тергеудің қалай аяқталғанын білмейді Сурет авторы: DepositPhotos

Қазақстанда 16 миллион азаматтың жеке деректері желіге тарап кеткен шулы оқиғадан бері бір жылдан астам уақыт өтсе де, бұл тергеудің қалай аяқталғаны әлі белгісіз. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі өкілдері аталған іспен Ұлттық қауіпсіздік комитеті айналысқанын айтып, оның нәтижесінен хабарсыз екенін білдірді.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тілшілердің сұрағына жауап берген Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин бұл істің құзырлы органның бақылауында болғанын атап өтті.

«16 миллион азаматтың деректері ағып кетуіне қатысты тергеуді ҰҚК жүргізді. Бұл қылмыстық істің қалай аяқталғаны туралы бізде ақпарат жоқ. Біз өз тарапымыздан реттеушілік шараларды қабылдап жатырмыз», - деді Ростислав Коняшкин.

Еске салсақ, ауқымды деректер ағыны туралы ақпарат 2025 жылдың маусым айында белгілі болған еді. Ал 2026 жылдың сәуір айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары әлі де жалғасып жатқанын хабарлап, істің егжей-тегжейін ашудан бас тартқан болатын.

Соңғы жаңалықтар