$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

15 млрд теңгені жымқырған қаржы пирамидасының жетекшісі Қазақстанға экстрадицияланды

Редакция
03 ақпан 2025 03:29 2186
15 млрд теңгені жымқырған қаржы пирамидасының жетекшісі Қазақстанға экстрадицияланды Сурет авторы: Shutterstock

Қазақстан құқық қорғау органдары Қырғызстаннан халықаралық іздеуде жүрген QI Trade Kazakhstan қаржы пирамидасының жетекшісін экстрадициялады. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Бас прокуратураның мәліметінше, 2017-2020 жылдар аралығында QI Trade Kazakhstan қаржы пирамидасын ұйымдастырған тұлғалар 4,7 мыңнан астам салымшының ақшасын заңсыз иемденген. Залал көлемі – шамамен 15 млрд теңге. Қаржы пирамидасының кейбір ұйымдастырушысы әртүрлі мерзімге сотталған. Ал оның жетекшісі қылмыс жасағаннан кейін қашып кетіп, халықаралық іздеу жарияланған.

Тергеу барысында күдікті Қырғызстанда жасырынып қана қоймай, адам өлтіру қылмысын жасап, сол үшін сотталғаны анықталды. Бас прокуратураның мәліметінше, ол уақытша Қазақстанға берілді, бірақ сот үкімі шыққан соң Қырғызстанға қайтарылып, ол елде де жазасын өтейді.

Бұған дейін Бас прокуратура осы қаржы пирамидасының екі мүшесін Ресей мен Польшадан экстрадициялаған, олар сот үкімімен түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар