$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

14 жыл бұрын су басқан Қызылағаш қайтадан қауіп астында қалды

Редакция
04 қыркүйек 2024 03:03 4179
14 жыл бұрын су басқан Қызылағаш қайтадан қауіп астында қалды Сурет авторы: Sputnik / Тимур Батыршин

2010 жылы су тасқынынан бүлінген Жетісу облысындағы Қызылағашқа қайтадан қауіп төнді, бірақ мемлекеттік аудиторлар апаттың алдын алды.

"Былтыр жазда «Қазсушар» РМК қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді. Аудит кезінде бұрын су тасқынынан зақымдалған апаттық су ағызу құрылысын (бөгеттің бір бөлігі) жөндеу жоспарда қарастырылмағаны анықталды. Ал ескі бетонның кейбір жерінен су өтіп жатқан еді, бұл оның одан әрі бұзылуына әкелуі мүмкін еді. Осыған байланысты кәсіпорынға тиісті шаралар қабылдау тапсырылды", – делінген Жоғары аудиторлық палатаның хабарламасында.

Нәтижесінде биыл маусым айында су ағызу құрылысының зақымданған жерлері жөнделді.

2010 жылдың 12 наурызына қараған түні су қоймасының суы бөгетті жарып өтіп, Қызылағаш ауылын толығымен шайып кеткен еді. 45 адам су тасқынының құрбаны болды. 300 адам жарақаттанып, 2 мың адам эвакуацияланды. Екі метрлік толқын 146 ғимаратты түгел дерлік қиратып кетті, 251 үй қатты зардап шекті. 

Соңғы жаңалықтар