$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

13 тоннадан астам кокаин: Қазақстан тарихындағы ең ірі есірткі партиясы тәркіленді

Абдрахманов Мағжан
05 қыркүйек 2025, 15:53
13 тоннадан астам кокаин: Қазақстан тарихындағы ең ірі есірткі партиясы тәркіленді Сурет авторы: видеодан кадр

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан арқылы үшінші елдерге бағытталған халықаралық есірткі контрабандасы арнасын жою бойынша арнайы операция жүргізді.

Ведомствоның хабарлауынша, Алматыда республика тарихындағы ең ірі бір реттік есірткі партиясы – салмағы 13 тонна 183 килограмм кокаин тәркіленген.

«Бұл жүк Қазақстан аумағы арқылы транзитпен үшінші елдерге жөнелтілмек болған», – делінген ресми мәліметте.

Есірткі арнасын ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен екі шетел азаматы ұсталып, қамауға алынды.

Қазір аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар