$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

13,5 млрд теңге тиімсіз жұмсалған

Редакция
23 желтоқсан 2025, 11:12
13,5 млрд теңге тиімсіз жұмсалған Сурет авторы: Gov.kz

Жоғары аудит палатасы «Электрондық қаржы орталығы» АҚ қызметіне мемлекеттік аудит жүргізіп, бірнеше кемшілік пен проблемалық мәселелерді анықтады.

Аудит барысында стратегиялық басқарудағы олқылықтар, ішкі нормативтік құжаттардың жаңартылмауы, қызмет құнын есептеу тәсілдеріндегі сәйкессіздіктер және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері байқалды. Сонымен қатар кейбір жүйе формалды сынақ кезеңінде болса да толық жұмыс режимінде пайдаланылып, рұқсатсыз араласуға мүмкіндік туғызғаны анықталды.

Қаржылық бұзушылықтар көлемі – 566 млн теңге, ал қаржыны тиімсіз пайдалану – 13,5 млрд теңге.

ЖАП барлық мәселе бойынша ұсыныстар мен тапсырмалар әзірледі, олардың орындалуы толық аяқталғанша бақылауда болады.

Соңғы жаңалықтар