$ 539.49 € 627.7 ₽ 6.75

1 қыркүйекте 20 "жайлы мектеп" ашылады

Редакция
23 тамыз 2024 08:53 2354
1 қыркүйекте 20 "жайлы мектеп" ашылады Сурет авторы: Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

“Жайлы мектеп” 57 мың оқушыны біліммен қамтиды, ал жыл соңына дейін 279,4 мың орындық тағы 144 мектеп пайдалануға беріледі. 

Жоба аясында 97,6 мың орындық 44 мектепті пайдалануға беру 2025 жылға кейінге қалдырылғанына қарамастан, Samruk-Kazyna Construction компаниясы құрылыс қарқынды жүргізілуде екенін айтты

Компанияның мәліметінше, мектеп салу үшін стандарт 18 ай, ал кейбір жағдайларда құрылысшылар 9 айда аяқтап жатады. 

"Ешбір мемлекетте мұндай ауқымды жоба жүзеге асырылған жоқ, үш жыл ішінде қазіргі заманғы мектептердің мұндай санын ешкім салған жоқ", - деді компания басшысы Мәулен Айманбетов.



Соңғы жаңалықтар