$ 509.94 € 593.88 ₽ 6.43

1,7 мыңнан астам қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылды

Абдрахманов Мағжан
07 қаңтар 2026, 15:09
1,7 мыңнан астам қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылды Сурет авторы: Kolesa.kz

Қазақстанда денсаулық жағдайына байланысты көлік жүргізуге болмайтын азаматтардан жүргізуші куәлігін қайтарып алу жұмыстары басталды. Бұл үшін Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігі өз дерекқорларын салыстырып, диспансерлік есепте тұрған шамамен 370 мың адамды тексерген.

Тексеру нәтижесінде 273 мың адамның мүлде жүргізуші куәлігі жоқ екені анықталды. Қалған 96 мың адамның ішінде:

  • 41,6 мың азаматтың куәлігі бұған дейін-ақ жарамсыз деп танылған;
  • 54,3 мың адамның жүргізуші куәлігі әлі де күшінде болғанымен, медициналық көрсеткіштер бойынша көлік жүргізуге рұқсат етілмеген.

Аталған деректер бойынша іс сотқа дейін жеткен. 2025 жылдың желтоқсан айына дейін 4 540 талап-арыз беріліп, соның нәтижесінде 1 787 адам жүргізуші куәлігінен айырылған.

Қазіргі таңда Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігі арасындағы ақпарат алмасу автоматтандырылған. Енді психиатриялық және наркологиялық есепке алынғаны туралы мәліметтер бірден ескеріліп, жүйеде жедел жаңартылып отырады.

Соңғы жаңалықтар