$ 476.07 € 541.86 ₽ 6.08

Қарағанды облысындағы кен байыту комбинатында жұмысшы қаза тапты

Абдрахманов Мағжан
24 шілде 2026, 10:51
Қарағанды облысындағы кен байыту комбинатында жұмысшы қаза тапты Сурет авторы: Pixabay

Қарағанды облысындағы «Пустынное» кен байыту комбинатының аумағында болған өндірістік жазатайым оқиғадан бір қызметкер қаза тапты. Бұл туралы «Алтыналмас» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Компания мәліметінше, алтын өндіру фабрикасының екінші ұсақтау бөлімінде конвейер машинисі болып жұмыс істеген Кәрім Рымбаев көз жұмған.

«Пустынное» кен байыту комбинаты – «Алтыналмас» акционерлік қоғамының өндірістік нысандарының бірі. Кәсіпорын болған жағдайға байланысты марқұмның туыстарына көңіл айтты.

Оқиғаның себептері мен мән-жайын уәкілетті органдар анықтап жатыр. Тергеу аяқталғанға дейін жазатайым оқиғаның нақты неден болғаны айтылған жоқ.

Компания қаза тапқан қызметкердің отбасына қажетті көмек пен қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар