$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды

Абдрахманов Мағжан
29 қыркүйек 2025, 10:04
Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі қызметіне тағайындалды.

Сүлейменова 2023 жылдың наурызынан бері Мәжіліс депутаты болды. Бұған дейін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ даму департаментінің директоры, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің бас ғылыми хатшысы, Халықаралық бизнес академиясының студенттермен жұмыс жөніндегі деканы қызметтерін атқарған.

Ал бұл лауазымды 2023 жылдың қаңтарынан бері атқарып келген Ғани Бейсембаев министр қызметінен босатылды.

Соңғы жаңалықтар