$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Жетісу облысында мұғалімдерге ақысыз демалыс беруден бас тартқан

Редакция
31 желтоқсан 2024 07:22 1819
Жетісу облысында мұғалімдерге ақысыз демалыс беруден бас тартқан Сурет авторы: Алматы әкімдігі

Жетісу облысының прокуратурасы Ақсу ауданындағы мұғалімдердің еңбек құқықтарының бұзылғанын анықтады. Бұл туралы қадағалау органы баспасөз қызметі хабарлады.

Тексеру нәтижесінде ауданның 35 орта мектебінде заң бұзушылықтар болғаны анықталды.

"Жұмыс беруші бес күнтізбелік күнге дейінгі ақысыз демалыс беруге міндетті. Алайда орта мектептердің директорлары мұндай демалыс беруден бас тартқан, бұл заң талаптарына қайшы", – делінген хабарламада.

Заң бұзушылыққа жол бергендер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Алайда қандай шаралар қолданылғаны прокуратурада нақты айтылмады.

Соңғы жаңалықтар