$ 480.72 € 548.07 ₽ 6.14

Жекеменшік мектептерде миллиардтар жымқырылған: Тексеріс нәтижесі жарияланды

Абдрахманов Мағжан
30 маусым 2026, 11:45
Жекеменшік мектептерде миллиардтар жымқырылған: Тексеріс нәтижесі жарияланды Сурет авторы: informburo.kz

Қазақстандағы жекеменшік мектептерге жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде 13 млрд теңгеден астам қаржылық заң бұзушылық анықталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, аудит мамыр айында аяқталған. Қазір анықталған заң бұзушылықтар бойынша нұсқамалар дайындалып жатыр. Олар орындау үшін Қаржы орталығына, Оқу-ағарту министрлігіне және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға жолданады.

Сонымен қатар аудит материалдары құқық қорғау органдарына берілмек. Вице-министрдің сөзінше, қазірдің өзінде сот процестері басталып, мемлекетке келтірілген шығынды өтеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тексеру барысында оқушылар санын негізсіз көбейту, мемлекеттік білім беру тапсырысын мақсатсыз орналастыру, жобалық-сметалық құжаттама бойынша сараптама қорытындыларын қолдан жасау, сондай-ақ қайта жаңғырту жұмыстарының орнына жөндеу жұмыстарын жүргізу сияқты заң бұзушылықтар анықталған.

Соңғы жаңалықтар