$ 460.13 € 532.6 ₽ 5.42

Жатақханада орын жетпеген студенттер қайда хабарласа алады?

Редакция
19 тамыз 2026, 12:42
Жатақханада орын жетпеген студенттер қайда хабарласа алады? Сурет авторы: BAQ.kz/Анеля Өсерхан

Жаңа оқу жылының басталуына байланысты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету және орналастыру барысын жедел бақылау мақсатында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің (QYZPU) базасында Республикалық ситуациялық орталық ашты. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

Аталған ситуациялық орталық жаңа оқу жылы басталар алдында жатақханадан орын алуда қиындықтарға тап болған студенттерге, сондай-ақ білім алатын қаласына келіп, баспана мәселесін өз бетінше шеше алмаған өзге өңірлерден келген жастарға жедел көмек көрсетуді көздейді. Бұл орталық студенттердің жаппай келуі кезеңінде туындайтын ұйымдастырушылық мәселелерді шұғыл түрде реттеу үшін ұйымдастырылған.

Жатақханаға орналасуға қатысты сұрақтар мен кедергілер туындаған жағдайда студенттер мен олардың ата-аналары төмендегі байланыс телефондары арқылы консультация алып, өз мәселелерін хабарлай алады:

  • +7 700 950 95 28

  • +7 727 237 01 70

Осылайша, өзге қалаға келгеннен кейін баспанасыз қалған немесе орналасу барысында өзге де қиындықтарға тап болған кез келген студент QYZPU базасындағы Республикалық ситуациялық орталыққа тікелей хабарласып, қолдау ала алады.

Соңғы жаңалықтар