$ 544.26 € 634.72 ₽ 6.52

Жасанды интеллектіні білім беру саласына енгізудің ұлттық стандарты бекітілді

Абдрахманов Мағжан
18 қыркүйек 2025 09:58 120
Жасанды интеллектіні білім беру саласына енгізудің ұлттық стандарты бекітілді Сурет авторы: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстанда жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізудің ұлттық стандарты қабылданды. Бұл жөнінде Оқу-ағарту министрлігі мен Цифрлық даму министрлігінің бірлескен бұйрығы жарияланды. Құжат Мемлекет басшысының Жолдауда берген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленіп, 2025–2029 жылдарға арналған.

ЖИ енгізу тұжырымдамасы орта, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі оқу жүйесін жаңғыртуды көздейді.

📌 Негізгі бағыттар:

  • ЖИ қолданудағы этика;

  • Технологияларды пайдаланудың құқықтық реттелуі;

  • Оқушылардың дербес деректерін қорғау;

  • Студенттер мен оқушылар арасында академиялық адалдықты қалыптастыру.

Тұжырымдама аясында цифрлық оқу материалдары әзірленеді, жасанды интеллектке қатысты арнайы курстар енгізіледі және мұғалімдердің біліктілігін арттыру шаралары жүргізіледі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиевтің айтуынша, ЖИ-ді интеграциялау – Қазақстанның цифрландыру стратегиясының маңызды бөлігі. Ол болашақ мамандарды заманауи технологияларды жасап, тиімді қолдана білуге, сонымен қатар дәстүрлі мәдени және білім беру құндылықтарын сақтауға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар