Жабылып қалу қаупі бар ма: жекеменшік балабақшалар жаңа талаптарға алаңдап отыр
Сурет авторы: gov.kz
Қазақстандағы жекеменшік балабақша өкілдері 2027 жылдан енгізілетін лицензиялау талаптары барлық өңірде бірдей қолданылуы керек деп мәлімдеді. Кәсіпкерлер санитарлық, өрт қауіпсіздігі, жер және құрылыс талаптарын алдын ала нақтылауды ұсынып отыр, деп хабарлады «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы.
Бұған дейін де өңірлердегі жекеменшік балабақшалар лицензиялау тәртібінің нақты тетігі қажет екенін көтерген.
Жекеменшік балабақшалар лицензиялауды алып тастауды сұрап отырған жоқ. Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығының төрағасы Лейла Куленованың айтуынша, талаптардың нақты әрі орындауға болатын бірыңғай тізімі және өтпелі кезең болуы қажет.
«Кеше мемлекет жұмыс істеуге рұқсат берген балабақша талап өзгергеннен кейін бүгін лицензия ала алмай қалатын жағдайға жол бермеу керек», – деді ол.
Кездесуде жеке тұрғын үй салуға арналған жер телімдерінде орналасқан балабақшалардың жағдайы да талқыланды. Қауымдастық мәліметінше, жердің нысаналы мақсатын өзгерту қажеттігі әр нысанның орналасқан аумағына, қала құрылысы құжаттарына және жер мен құрылыс талаптарына байланысты. Атыраудағы кәсіпкерлер де бұған дейін осы мәселені көтеріп, кей балабақшалардың жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертуге мүмкіндігі жоқ екенін айтқан.
«Атамекен» басқарушы директоры Азамат Бисенбеновтің айтуынша, бір өңірде балабақшаның қолындағы құжаттары жеткілікті болып, екінші өңірде жер телімі немесе ғимараттың нысаналы мақсатын өзгертуді талап ету бірыңғай лицензиялау тәртібіне қайшы келеді.
Кездесу қорытындысында кәсіпкерлер қолданыстағы жекеменшік балабақшаларға қойылатын талаптар жөнінде бірыңғай түсіндірме әзірлеуді, жаңадан ашылатын және бұрыннан жұмыс істеп тұрған балабақшаларға қойылатын талаптарды ажыратуды және кемшіліктерді түзетуге өтпелі кезең беруді ұсынды.
Сондай-ақ балалардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп болмаса, құжат рәсімдеу аяқталмағаны үшін ғана балабақшаның жұмысын тоқтатпау және оны мемлекеттік білім беру тапсырысынан шығармау ұсынылды.
«Атамекен» бұл ұсыныстарды лицензиялау басталғанға дейін тиісті мемлекеттік органдармен талқылауды жалғастырмақ.
Соңғы жаңалықтар
-
Отбасы неғұрлым мұқтаж болса, мемлекет көмегі соғұрлым артады – Еңбек министрі
17 сағат бұрын
-
Қандай жәрдемақылар табысқа қарамай төленеді? Толық тізім
18 сағат бұрын
-
Еңбек министрі табысы мен мүлкін жариялап, отбасының санатын тексерді
18 сағат бұрын
-
Бала туғандағы төлем кімге беріледі: А-дан Е-ге дейінгі санаттар бойынша түсіндірме
18 сағат бұрын
-
NURORDA-ның екі оқушысы халықаралық физика олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
18 сағат бұрын
-
Ұлттық банк борышкердің шотында ең төменгі күнкөріс мөлшерін қалдыруды қолдады
19 сағат бұрын
-
200-ден астам қазақстандық жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты
19 сағат бұрын
-
Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып жаңа халықаралық бастамаға қосылды: ол не береді?
19 сағат бұрын
-
Қазақстан Газаны қалпына келтіруге үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді
20 сағат бұрын
-
Үйі мен көлігі бар отбасы да жәрдемақы ала алады – Еңбек министрлігі
23 сағат бұрын
-
Астанада 170 пәтерді заңсыз иемденбек болған: іске полицейлердің де қатысы болуы мүмкін
23 сағат бұрын
-
Боқаевқа Қылмыстық кодекстің бірден бес бабы бойынша айып тағылуда – Алматыда сот процесі басталды
1 күн бұрын
-
407 мың қазақстандық Ұлттық қордағы жинағын пайдаланды: ақша қайда жұмсалды?
1 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап екі әлеуметтік төлем 8,5%-ға өсуі мүмкін
1 күн бұрын
-
Navai-дың ұсталуына байланысты Ресей Қазақстанға нота жолдады
1 күн бұрын
-
Семейде нәрестені қоқыс жәшігіне тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды
1 күн бұрын
-
30 мыңнан астам қазақстандық әйел бала күтіміне берілетін жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Тоқаев Израиль Президентімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
1 күн бұрын
-
Reuters: Қазақстанмен байланыстырылған хакерлер Ресейдегі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасаған
1 күн бұрын
-
Алматылық жастар кітап оқып, ақшалай сыйлық ұта алады
1 күн бұрын
-
Еуроодақ ресейліктерге кіру тәртібін қиындатпақ: Шенген аймағында не өзгеріп жатыр?
1 күн бұрын
-
Отбасы банк қазақстандықтарға алты ай күтпей-ақ пәтер сатып алуға мүмкіндік берді
1 күн бұрын
-
Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін өсті
2 күн бұрын
-
Зумерлердің жаңа құпиясы: Кэшбэктер мен банк бонустары қымбатшылықты қалай жеңіп жатыр
2 күн бұрын
-
БҰҰ Қазақстанды тұрмыстағы зорлық-зомбылықты жеке қылмыс ретінде тануға шақырды
2 күн бұрын
-
Футбол тарихындағы ең ірі инвестиция: Қазақстан ФИФА-дан қанша миллиард тенге алады?
2 күн бұрын
-
Рэпер Navai Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды
2 күн бұрын
-
ШҚО-да үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза тапты
2 күн бұрын
-
Astana Media Week 2026 аясында медиа саласындағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды
2 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап Қазақстанға кіру тәртібі өзгереді
2 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың деректері шетелде өңделе ме: Yandex-тегі ақаудан кейін депутаттар тексеріс талап етті
2 күн бұрын
-
Қошанов: Реформалар елді бүгін өзгертсе, құндылықтар оның елу жылдан кейін қандай болатынын айқындайды
2 күн бұрын
-
Табыс қана емес: Қазақстанда жәрдемақы алатындардың шығыны да тексеріледі
2 күн бұрын
-
Ең төменгі жалақы 150 мың теңге бола ма? Жұманғарин жауап берді
2 күн бұрын
-
Қазақстанда 529 мың адам жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
2 күн бұрын
-
РФММ-дегі балалардың жаппай улануы: асханадан заң бұзушылықтар табылды
2 күн бұрын
-
Үкімет жәрдемақыны қысқартып, қанша қаржы үнемдемек
2 күн бұрын
-
Маман тапшылығы шектен шықты: Елдегі ең дефицит дәрігер мамандықтары анықталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жол салу жүйесі түбегейлі өзгермек
3 күн бұрын
-
Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті: РФММ жұмысы уақытша тоқтатылды
3 күн бұрын
-
Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқан inDrive жүргізушісі 10 тәулікке қамалды
3 күн бұрын
-
Ипотека алу жеңілдей ме: Үкімет алғашқы жарнаны азайтуды тапсырды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді
3 күн бұрын
-
17 жылға бас бостандығынан айырылды : Астанада Telegram арқылы есірткі сатқандар сотталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жыл басынан бері 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың нақты табысы қаншалықты өсті?
3 күн бұрын
-
Астанада бір кеште 50 отбасы баспаналы болды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі тағы да көтерілді
3 күн бұрын
-
Қазақстан АЭС салуға қаншалықты дайын: МАГАТЭ миссиясы Астанаға келді
3 күн бұрын
-
Каспий жағалауынан тағы 15 итбалықтың өлексесі табылды
3 күн бұрын