$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

ҰБТ-ның аралық қорытындылары: Ең жоғарғы ұпай қанша?

Редакция
31 мамыр 2024 08:38 1178
ҰБТ-ның аралық қорытындылары: Ең жоғарғы ұпай қанша? Сурет авторы: zakon.kz
Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 71 мыңға жуық адам тест тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 71%–ы қазақ тілінде, 29%-ы орыс тілінде, 84 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігі.
 
ҰБТ басталғалы шекті балды 74% - ға жуық талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 67 балды құрады. Ең жоғары балл – 137, оны осы аптада үш талапкер жинаған.
 
Айта кетейік, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға екі аптаның ішінде 266 талапкер қатысты.
 
Бүгінгі таңда 126 ереже бұзушылық анықталды. Оның ішінде 94 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 27 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 5 адамның нәтижесі жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ.
 
Айта кетсек, 2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.

Соңғы жаңалықтар