$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

ҰБТ-ға тіркелу уақыты ұзартылды

Редакция
22 мамыр 2024 02:20 3408
ҰБТ-ға тіркелу уақыты ұзартылды Сурет авторы: testcenter.kz

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

"Негізгі ҰБТ-ға қатысуға өтініш беріп үлгермеген талапкерлердің пікірін еске ала отырып, 22 мамыр сағ. 10.00-ден 18.00-ге дейін тестілеуге тіркелу базасы барлық тестіленушілер үшін ашылады", – делінген хабарламада.

Ведомство өтініш беріп үлгермеген тест тапсырушылар app.testcenter.kz сайтында ұсынылған қолжетімді орындарға ғана тіркеле алатынын мәлімдеді. Сондай-ақ 2 рет өтініш берген талапкерлер үшін іс-әрекет қолжетімсіз болатынын ескертті. 

Соңғы жаңалықтар