$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

ҰБТ-дан 140 бал жинаған БИЛ түлегін "Білім-Инновация" ХҚҚ президенті қабылдады

Дулат Абдраманов
31 қазан 2025 16:26 93
ҰБТ-дан 140 бал жинаған БИЛ түлегін "Білім-Инновация" ХҚҚ президенті қабылдады

«Білім-Инновация» лицейлерінің озат түлегі Рашит Жанайым биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде ең жоғары көрсеткіш — 140 балл жинап, ерекше нәтижеге қол жеткізді.

Табандылық пен еңбектің арқасында биік белесті бағындырған түлекті «БІЛІМ–ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өте арнайы қабылдап, жетістігімен құттықтады. Кездесу барысында ол Жанайымға арнайы сыйлық табыс етті.

«Жанайым – еліміздің білімді, бәсекеге қабілетті жастарының жарқын өкілі. Бұл – ұстаздарымыздың еңбегі мен сапалы білім берудің нәтижесі», – деді Дархан Ермаханұлы.

Қор өкілдерінің айтуынша, бұл жетістік – тек жоғары балл емес, үздіксіз дайындықтың, мыңдаған сұрақты шешудің және шексіз мотивацияның нәтижесі.

Соңғы жаңалықтар