$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Түркістан облысының түлегі ҰБТ-дан 140 балл жинады

Редакция
20 мамыр 2025 01:37 2644
Түркістан облысының түлегі ҰБТ-дан 140 балл жинады Сурет авторы: Түркістан облысы Білім басқармасы

Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның түлегі Әбілхан Жәнібек Ұлттық бірыңғай тестілеуде ең жоғары көрсеткіш – 140 балл жинады.

Көпбалалы отбасынан шыққан Жәнібек бейіндік пән ретінде информатиканы таңдаған. Өз күшімен үздік нәтиже көрсеткен талапты түлек табандылығы мен еңбекқорлығының, жүйелі дайындықтың жарқын үлгісін көрсетті.

— Жәнібек Асқарұлы – өз арманына сеніммен қадам басқан, жауапкершілігі жоғары, уақытты тиімді пайдалана білетін ізденімпаз жас. Оның бұл жетістігі өзге оқушыларға үлкен үлгі бола алады. Біз Жәнібекті шын жүректен құттықтап, алдағы білім жолында биік белестерден көріне беруіне тілектеспіз, – делінген Түркістан облысы Білім басқармасының құттықтау хабарламасында.

Талапты оқушы 1-сыныптан бастап аталған мектепте білім алып, әрдайым үздік үлгерімімен, ынталы болмысымен ерекшеленген. Мектеп директоры – Сәуле Исанова, ал сынып жетекшісі – Гүлзира Бортай.

Соңғы жаңалықтар