$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Түркістан облысының әкімі 42 елден шақырту алған оқушының ұстазына көлік сыйлады

Редакция
04 қазан 2024, 08:55
Түркістан облысының әкімі 42 елден шақырту алған оқушының ұстазына көлік сыйлады

Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлы “Түркістан Білім-инновация” лицейінің география пәні мұғалімі Бастами Арғын Ержанұлына шәкірті 42 елден шақырту алғаны үшін көлік кілтін табыстады, деп хабарлады Stan.kz.

Ұстаздар мерекесіне арналған шарада өңір басшысы мұғалімдерді марапаттап, сыйлықтар табыстады. Республикалық және облыстық олимпиада, спорт жарыстарының жеңімпаздарын дайындаған 30 мұғалімге өз атынан сый-сияпат жасады. Оның ішінде 10 ұстаз "Алтынсарин" төсбелгісіне, 20 педагог "Құрмет грамотасына" ие болды және әрқайсысына 200 мың теңгеден ақшалай сыйақы берілді.

Сонымен қатар, облыс әкімі республикалық олимпиада жеңімпаздарын дайындап, облыстық және республикалық байқауларда жүлделі орындар алған, Төлеби ауданындағы Қосан Мамытов атындағы мектептің биология пәні мұғалімі, 6 баланың анасы Нұрилла Баймаханқызына ноутбук сыйлады.

 

Соңғы жаңалықтар