Түркістан облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 29 мектеп пайдалануға беріледі
Сурет авторы: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан облысында білім беру инфрақұрылымын дамытуға бағытталған «Келешек мектеп» ұлттық жобасы аясында 29 мектеп қолданысқа енгізілді. Соның бірі – Бәйдібек ауданындағы Шаян ауылында салынған, 300 орындық №1 жалпы білім беретін жаңа мектеп.
Жаңа білім ордасының ашылу салтанатына Нұралхан Көшеров қатысып, тұрғындарды маңызды әлеуметтік нысанның іске қосылуымен құттықтады. Аймақ басшысы өз сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан ұлттық жоба өңірлердегі білім беру инфрақұрылымын жаңғыртуға, оқушылар үшін қауіпсіз әрі заманауи білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Оның айтуынша, жаңа мектептің ашылуы Бәйдібек ауданында білім сапасын арттырып, ауыл балаларына кең мүмкіндік береді.
Президент бастамасымен елімізде мектеп тапшылығын жою мақсатында «Келешек мектеп» жобасы аясында жалпы саны 217 білім беру ұйымы салынуда. Соның ішінде 23 мың оқушыға арналған 29 мектеп, яғни жобаның 13 пайызы Түркістан облысының үлесіне тиесілі.
Биыл облыста жергілікті бюджет есебінен 17 білім беру нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, 41 мектепте жаңғырту жұмыстары қолға алынған, олардың 25-інде жөндеу толық аяқталған.
Қазақстандағы шамамен 8 мың мектептің мыңнан астамы немесе 14 пайызы Түркістан облысында орналасқан. Өңір мектептерінде 550 мыңнан астам оқушы білім алады. Тек биылдың өзінде 48 мыңнан астам бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған.
Сонымен қатар Ордабасы ауданында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған Өнер мектебі пайдалануға берілді. Темірлан ауылында ашылған бұл нысан ауданның рухани дамуына серпін беріп, жастардың өнерге деген қызығушылығын арттыруды көздейді. Құрылысқа 870 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалып, нысан небәрі сегіз айда бой көтерген.
Өнер мектебі 300 оқушыға арналған. Мұнда музыкалық білім алуға және балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға барлық жағдай жасалған. Ғимаратта 150 орындық концерт залы, кітапхана, топтық сабақтарға арналған залдар, ұлттық аспаптарда ойнау, гитара және фортепиано сыныптары бар.
Салтанатты жиында Нұралхан Көшеров тұрғындарды жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, мемлекет тарапынан оқушылар мен ұстаздарға көрсетіліп отырған қолдауды атап өтті.
«Жаңа мектептің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Мұнда сапалы білім алуға барлық жағдай жасалған. Мемлекет тарапынан оқушылар мен ұстаздарға үлкен қолдау көрсетілуде. Президенттің бастамасымен «Келешек мектептері» жобасы аясында республика бойынша 217 оқу орны салынуда, соның 29-ы Түркістан облысында бой көтерді. Жаңа оқу орындарында білім сапасы жоғары деңгейде болуы тиіс. Бұл мәселеде біз білікті педагогтарға үлкен үміт артамыз. Балалар терең білім алып, тәуелсіз Қазақстанды дамытатын азамат болып өссін!» – деді Нұралхан Көшеров.
Бәйдібек аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бағдат Қалаубай жергілікті тұрғындар атынан білім саласына көрсетіліп отырған қолдау үшін алғысын білдірді.
Айта кетейік, Шаян ауылындағы мектеп құрылысының жалпы құны 3,5 млрд теңгені құрайды. Жер телімінің аумағы – 2,8 гектар, ғимараттың жалпы ауданы – 5700 шаршы метр. Білім ордасы 300 оқушыға арналған.
Жаңа мектептің іске қосылуы – өңірде білім беру саласын дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі. Түркістан облысының әкімдігі алдағы уақытта да білім беру инфрақұрылымын жетілдіруге және өскелең ұрпақ үшін қолайлы жағдай жасауға басымдық беретінін мәлімдеді.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын