$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Тоқаев орта білім саласына өзгеріс енгізуді ұсынды

Редакция
28 қаңтар 2025 05:24 1033
Тоқаев орта білім саласына өзгеріс енгізуді ұсынды Сурет авторы: gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы реформаларды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Бұл туралы Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

"Бюджет қаржысын үнемдеп, оның ашық жұмсалуын қамтамасыз ету маңызды. Осы бағытта балабақшаларды ваучерлік тәсілмен қаржыландыру тәжірибесі енгізілді. Бұл ата-аналарға балабақшаны өз қалауымен таңдауға мүмкіндік берді. Енді бұл тәжірибені орта білім беру саласына енгізуге болады. Тұрғылықты жеріне қарамастан, әрбір баланың білім алуына қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің міндеті", – деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы елдегі мектеп инфрақұрылымын жаңғыртуды жалғастыруды тапсырды. Биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аяқталып, барлық өңірде заманауи тірек мектептердің желісі құрылады. Президенттің тапсырмасына сәйкес, алдағы үш жылда 1300 мектеп жаңғыртудан өтеді.

Соңғы жаңалықтар