$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Талдықорғанда 300 орынды «Білім-инновация» лицейі салынады

Редакция
21 қаңтар 2025 07:51 1837
Талдықорғанда 300 орынды «Білім-инновация» лицейі салынады Сурет авторы: Facebook/ Талдықорған БИЛ

Талдықорған қаласында 300 орындық заманауи үлгідегі «Білім-инновация» лицейінің жаңа ғимараты бой көтермек. Бұл жаратылыстану бағыты бойынша білім алып жатқан дарынды оқушылардың дамуына үлкен серпін бермек.

Жаңа білім ордасы өткен ғасырдың 70-жылдары салынған, қазіргі уақытта талаптарға сай келмейтін ескі ғимараттың орнын басады. Заманауи лицей оқушылардың кедергісіз әрі сапалы білім алуына барлық жағдайды қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда Талдықорған қаласында 30 орта мектеп жұмыс істейді, онда 36 мыңға жуық оқушы білім алып жатыр. Талдықорған қаласы білім беру саласында қарқынды дамып, жыл сайын жаңа мектептер мен оқу орындарының саны артып келеді. Бұл – жастардың жарқын болашағы үшін жасалған үлкен қадам.

Соңғы жаңалықтар