$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Шымкентте дәстүрлі “ІІІ-Тасмурзаев” олимпиадасы өтеді

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 2578
Шымкентте дәстүрлі “ІІІ-Тасмурзаев” олимпиадасы өтеді Сурет авторы: ablaikhan.kz

16 наурызда Шымкент “Білім-инновация” ер балаларға арналған №1 лицей-интернатында дәстүрлі қалалық “ІІІ-Тасмурзаев” олимпиадасы өтеді.

Олимпиаданы Шымкент Дарын орталығы Шымкент БИЛ-мен бірлесе отырып, дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында жалпы орта білім беретін мектептердің 7-сынып оқушылары арасында биология пәнінен және 5-6-сынып оқушылары арасында математика пәні бойынша өткізеді. Әр мектептен әр пән бойынша бір ғана оқушы қатыса алады.

Білім сайысына тек мемлекеттік білім беру ұйымдары қатыса алады.Жекеменшік және мамандандырылған білім беру ұйымдары қатыса алмайды.

Олимпиада тест, тапсырмалар және практикалық түрде өтеді.

Жеңімпаздар лицей түлектерінің қаржылық көмегі есебінен І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Марқұм Берік Тасмұрзаев - Шымкент “Білім-инновация” лицейінің 2007 жылғы түлегі. 2007-2011 жылдары осында тәрбиеші және 2011-2013 жылдары биология пәні мұғалімі қызметін атқарған.

Соңғы жаңалықтар