Шығыс өңіріндегі ғылым, инновация және жас ғалымдарды қолдау мүмкіндіктері
Шығыс Қазақстан өңіріндегі екі ірі жоғары оқу орны – Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті елімізде ғылым мен инновацияны дамыту жолында тың бастамаларымен, нақты жетістіктерімен ерекшеленіп отыр. Бұл оқу орындарында ғылымға бөлінетін қаржы көлемі артып, жас зерттеушілерге арналған бағдарламалар жүзеге асып, халықаралық жобаларға белсенді қатысу арқылы ғылыми әлеует жыл сайын жаңа деңгейге көтерілуде.
ШҚТУ – инновациялық серпіннің жаңа орталығы
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде (ШҚТУ) ғылым мен инновацияны дамыту белсенді жүргізіліп жатыр. Соңғы екі жылда ғылыми зерттеулерді қаржыландыру көлемі үш есеге артып, бүгінде университет бюджетінің үштен бірін құрайды.
Бүгінгі таңда университет мемлекеттік бағдарламалар, халықаралық бастамалар және кәсіпорындардың тапсырысы бойынша жүзеге асырылатын 250 жобамен жұмыс істеп жатыр. Басым бағыттарға энергетика, көлік, цифрлық технологиялар, экология, агроөнеркәсіптік кешен мен медицина салалары кіреді.
Жас ғалымдарды қолдауға ерекше назар аударылған. Олардың жобаларының саны екі есеге артты. «Жас ғалым» бағдарламасы аясында 32 ғылыми зерттеу жүзеге асырылуда. Сонымен қатар екі оқытушы «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2024» байқауында жеңіске жетті. Ал 14 жас ғалым жеңілдетілген несие бағдарламасы арқылы өз баспанасына қол жеткізді.
2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстанның жеті университетінде, соның ішінде ШҚТУ-да индустриялық PhD дайындаудың пилоттық бағдарламасы іске қосылды. Биыл техникалық бағыттар бойынша 15 маман докторантураға қабылданды.
– Арасында Ұлттық ядролық орталық (Курчатов қаласы), «ҮМЗ» АҚ, «Қазцинк» ЖШС, Өскемен ЖЭО сияқты ірі кәсіпорындардың қызметкерлері бар. Бұл ғылым мен өндірістің өзара байланысын күшейтеді, – деді облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев.
Университет инженерлік білім берудің ұлттық моделін әзірледі, мұнда өндірістік сектор басты рөл атқарады. Кәсіпорындар ғылыми зерттеулер жүргізуге алаң ұсынады, зертханаларға инвестиция құяды, білім беру бағдарламаларын қолдайды. Осылайша студенттер тек теориялық білім алып қана қоймай, заманауи құрал-жабдықпен жұмыс істеу дағдыларын да меңгереді.
ШҚТУ – Орталық Азиядағы инженерлік білім беруді реформалау жөніндегі халықаралық бастаманың қатысушысы. Осы жобаның аясында EKTU CDIO Fab Lab шеберханасы құрылып, студенттер инженерлік шешімдер әзірлеп жатыр.
– Университет ғылыми орталықтар мен кәсіпорындармен бірлесіп медициналық инновациялық кластер құруда. Мұнда травматология және ортопедияға арналған биоүйлесімді импланттар, онкологиялық науқастарға арналған жеке импланттар мен оларды орнатуға арналған құралдар бойынша зерттеулер жүргізіледі, – дейді Ербол Нұрғалиев.
2017 жылдан бері ШҚТУ-дағы 750 м² аумақта ғылыми-өндірістік кешен жұмыс істейді, ол 148 техникамен жабдықталған. 20-дан астам титан имплант түрін өндіру технологиялары әзірленіп, мамандар олармен жұмыс істеуге үйретілді.
Ұлттық травматология және ортопедия орталығымен бірлесе отырып, алты түрлі имплант түрі әзірленді. Қазіргі кезде 91 ота жасалып, оның ішінде 25 омыртқааралық кейдж және 20 жамбас пластинасы орнатылған. Тағы төрт жаңа өнім клиникалық сынақтан өтуде.
Қазақстанның онкология және радиология институтымен бірге онкологиялық науқастарды емдеуге арналған титан ұнтағынан жасалған жеке импланттар әзірленуде. Сонымен қатар оларды орнатуға арналған құралдарды жасау бойынша да жұмыс басталды.
– ШҚТУ халықаралық бастамаларға белсенді қатысуда. Университет тұрақты даму бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеуге бағытталған CirculEC жобасын үйлестіреді. Бұл жобаға Орталық Азия мен Еуропаның 15 қатысушысы тартылған, – деді Ербол Нұрғалиев.
Өткен жылы университет Порту политехникалық институты жетекшілік ететін Edu-Fusion Network for Sustainable Growth жобасын жеңіп алды. Сондай-ақ ШҚТУ Орталық Азиядағы кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған PECA бағдарламасына қатысуда.
Осы жылы Тәжікстанмен бірлесіп университеттік зерттеулерді ілгерілету жобасы басталмақ. Сонымен қатар университет B5+1 платформасы аясында жүзеге асырылып жатқан Орталық Азия іскерлік ұйымын құруға арналған зерттеу жұмыстарының үйлестірушісі атанды. Бұл жоба Ташкенттегі Вестминстер халықаралық университетімен және Халықаралық жеке кәсіпкерлікті қолдау орталығымен (CIPE) бірлесіп жүзеге асырылуда.
Amanzholov University – ғылым мен жаңашылдықтың ордасы
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті жас ғалымдарды қолдауда еліміздегі үздік білім ордаларының қатарында. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымды дамытуды – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде атап өтіп, жас зерттеушілерге жан-жақты қолдау көрсету туралы нақты тапсырмалар берген болатын. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар нәтижелі екенін университет тәжірибесінен көруге болады.
2023 жылдың желтоқсан айында Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Отбасы банк» АҚ бірлесіп жас ғалымдарды баспанамен қамтамасыз етуге арналған тұрғын үй бағдарламасын іске қосты. Бағдарламаға ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын, магистр дәрежесі бар, ғылыми-зерттеу саласында кемінде 3 жыл еңбек өтілі бар және тұрғын үйге мұқтаж жас ғалымдар қатыса алады.
2023-2024 жылдары аталған бағдарламаның арқасында Amanzholov University-дің бірқатар ғалымдары – Нұртөлеу Мағазов, Меруерт Мәулет, Дидар Сейітжан, Перасыл Жанимхан және Әсел Жылқашинова өз пәтерлеріне қол жеткізді. Ал 2025 жылға 12-ден астам өтініш берілген.
– Университет ғылыми жобалар мен бағдарламалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурстарына белсенді қатысып келеді. 2018 жылдан бастап 2024 жылға дейін ғылыми жобалар саны 5-тен 164-ке дейін артқан. Ғылымға бөлінген қаржы көлемі 110 млн теңгеден 4,2 млрд теңгеге дейін өсті. 2024-2026 жылдарға арналған бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру аясында екі жоба жеңіп алынып, 656 млн теңге көлемінде қолдау көрсетілді, – деді облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев.
2023 жылы коммерцияландыруға бағытталған ғылыми жобалар бойынша университет ғалымдары 438,4 млн теңге көлемінде қаржыландыру ұтып алды. Оның ішінде ерекше атап өтуге болатын жоба – Досым Ерболатұлы жетекшілік ететін «Арнайы білім беруді қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бойынша құзырет орталығы». Бұл орталық түрлі техникалық құралдар мен әдістемелер арқылы ерекше балалардың дамуына септігін тигізеді.
Сондай-ақ Тілек Қуанышбеков басшылық ететін жоба – су ресурстарын тазартуға арналған композиттік сүзгі материалдарын өндіру технологиясын коммерцияландыру – еліміздегі және халықаралық деңгейдегі экологиялық мәселелерге жауап беретін маңызы зор бастама.
– Былтыр жас ғалымдардың зерттеулерін жүзеге асыруға арналған ғылыми жабдықтар сатып алуға 462,74 млн теңге бөлінді. Университетте 8D015 және 8D053 бағыттары бойынша екі диссертациялық кеңес жұмыс істейді. Докторанттар саны 7-ден 135-ке дейін артты. 8D053 бағыты бойынша 7 жас зерттеуші PhD дәрежесін қорғап шықты. Amanzholov University-де жас зерттеушілерді ынталандыру мақсатында бірқатар конкурстар өткізіледі. Олар – студенттердің ғылыми-зерттеу белсенділігін арттыруға бағытталған Ж. Уәлиев атындағы стипендия, белсенді жас зерттеушілерді қолдауға арналған «Үздік жас ғалым» байқауы,. «Start Up Amanzholov University» кәсіпкерлік дағдыларды дамыту және жобаларды іске асыру алаңы, студенттердің ғылыми ізденісін қолдайтын «Үздік студент», «Үздік студенттік ғылыми үйірме» сияқты байқаулар, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Сондай-ақ университет басшылығы жыл сайын ғылыми іссапарларға, олимпиадаларға, жарыстарға және конференцияларға 30 млн теңге көлемінде қаржы бөледі. Жас ғалымдар «Жас ғалым» жобасы аясында ғылыми жобаларды жүзеге асырып, 10 жас зерттеуші грант иегері атанды.
2024 жылы университеттің 5 жас ғалымы «ЖОО үздік оқытушысы» атанса, 45 жас маман Erasmus+, «Болашақ» және басқа да халықаралық бағдарламалар арқылы шетелдік тағылымдамалардан өтті.
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті жас ғалымдарға ғылыми және материалдық қолдауды жүйелі түрде жүргізіп келеді. Университет басшылығының стратегиялық бағыты – ғылымды дамыту арқылы еліміздің болашағын қалыптастыру. Жас зерттеушілерге жасалып отырған осындай жан-жақты қолдау – ғылым көкжиегін кеңейтетін жарқын жол.
Соңғы жаңалықтар
-
Атбасар қаласында заманауи стандарттарға сай жаңа вокзал ашылды
1 сағат бұрын
-
Каспий теңізінде қаза болған сарбаздардың тізімі жарияланды
2 сағат бұрын
-
Тоқаев Каспийдегі қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауды тапсырды
2 сағат бұрын
-
Нұрай Серікбай ісі бойынша апелляция қаралды: сот шешімі қандай?
2 сағат бұрын
-
Каспийдегі қайғылы оқиға: Әзербайжан Қазақстанға көңіл айтты
2 сағат бұрын
-
Тоғыз әскери қызметшінің қазасы: Бозымбаев бастаған комиссия Маңғыстауға барады
4 сағат бұрын
-
Қазақстандықтар дәрігерге жазыла алмай жүр: министр мәселені шұғыл шешуді тапсырды
4 сағат бұрын
-
Сот Трамптың Ақ үйге журналистерді кіргізуге қойған тыйымының күшін жойды
4 сағат бұрын
-
Каспийде әскери оқу-жаттығу қайғылы аяқталды: тоғыз адам қаза тапты
4 сағат бұрын
-
Студенттер сарайы опырылды ма: ҚазҰУ түсініктеме берді
4 сағат бұрын
-
Amanat пен «Әділет» біріккен соң: Қазақстанда мәслихаттар қайта сайланбақ
6 сағат бұрын
-
Тоқаев: Қазақстан әлемдегі ең бәсекеге қабілетті 40 мемлекеттің қатарына кірді
7 сағат бұрын
-
«Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды» – Тоқаев
7 сағат бұрын
-
Темекіні ең көп тұтынатын өңір белгілі болды
8 сағат бұрын
-
Ресейде Юрий Дудь «террористер мен экстремистер» тізіміне енгізілді
8 сағат бұрын
-
Шекарадан өткен жүргізушілерден ақша бопсалап келген: Жамбыл облысында қылмыстық топ әшкереленді
8 сағат бұрын
-
Си Цзиньпин АҚШ-қа барды: Трамп оны әуежайдан өзі қарсы алды
9 сағат бұрын
-
IT саласының маманы Қорғаныс министрінің орынбасары болды
9 сағат бұрын
-
Астананың жаңа әуежайын салатын серіктес белгілі болды
9 сағат бұрын
-
Римдегі Колизей қайғылы оқиғаға байланысты бір күнге жабылды
9 сағат бұрын
-
Жасанды интеллект бақылаудан шықты ма: Танымал ЖИ-агент мемлекеттік құпия файлдарды бұзып кірді
9 сағат бұрын
-
Қытай экипажын басып озды: қазақстандық ескекшілер Азия ойындарында жеңіске жетті
10 сағат бұрын
-
ШҚО-ның Марқакөл ауданында 24 пәтер салынады
1 күн бұрын
-
Алматыда ЖРВИ өршіп тұр, бірақ жаңа вирус анықталған жоқ
1 күн бұрын
-
Депутат туроператорларды қазақстандықтардың отанына оралуына кепілдік беруді міндеттеуді ұсынды
1 күн бұрын
-
Шетелге асқан заңсыз активтерді қайтару жеңілдемек
1 күн бұрын
-
Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды
1 күн бұрын
-
Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің төрағалығына Ерлан Қошановты ұсынды
1 күн бұрын
-
Әлемді мойындатқан Елена Рыбакина елге оралды
1 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары мен вице-министрлер мемлекеттік басқаруға қатысты ЖИ құралдарымен танысады
1 күн бұрын
-
«Әбіл» фильмі Қазақстан атынан «Оскарға» ұсынылды
1 күн бұрын
-
Қазақстанда шариғат талаптарына сай сақтандыру жүйесі енгізіледі
1 күн бұрын
-
Жоғары аудиторлық палатаның құрамы жаңарды
1 күн бұрын
-
Шекерадан заңсыз жолмен 200-ден астам iPhone 18 алып өтпек болғандар ұсталды
1 күн бұрын
-
Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының алты мүшесін тағайындады
1 күн бұрын
-
Тоқаев Конституциялық Соттың он судьясын тағайындады
1 күн бұрын
-
Екпе қайда: Қазақстандықтар неліктен тұмауға қарсы вакцина ала алмай жүр
1 күн бұрын
-
Қазақстанда 56 мұнай-газ учаскесі аукционға шығарылды
1 күн бұрын
-
Алексей Луценко Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды
1 күн бұрын
-
Қазақстан қоржыны толықты: Кристина Морозова Жапонияда күміс жүлде жеңіп алды
1 күн бұрын
-
Жаңбыр, найзағай және тұман: 23 қыркүйекте күн райы қандай болады
1 күн бұрын
-
Brent бағасы 100 доллардан төмен түсті: мұнай неге арзандады
2 күн бұрын
-
Тоқаев: Тіл саясиландыратын мәселе болмауға тиіс
2 күн бұрын
-
Апелляциялық сот Гүлнар Бажкеноваға шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды
2 күн бұрын
-
Кітап оқу адамға не береді: журналист Ержан Жаубай жеті пайдасын атады
2 күн бұрын
-
ММА-дан тағы бір алтын: Қадырбек Шынбаев Азия ойындарында топ жарды
2 күн бұрын
-
Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясын шақырды
2 күн бұрын
-
Ермұрат Бапи, Бағдат Мусин, Рауан Кенжеханұлы: Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің құрамын бекітті
2 күн бұрын
-
Жолдағы жаңа ережелер: Астанаға күн сайын кіретін 150 мың көлік қалай бақыланады
2 күн бұрын
-
Айыппұлмен шектелмейді: жол ережесін жиі бұзғандарға жаза күшейтілмек
2 күн бұрын