$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Шілдеде Астанадағы барлық балабақша екі күнге жабылады

Редакция
18 маусым 2024, 07:24
Шілдеде Астанадағы барлық балабақша екі күнге жабылады Сурет авторы: inbusiness.kz

Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің өткізілуіне байланысты 3 және 4 шілде күндері Астанадағы барлық балабақша жабылады.

Қалалық білім басқармасы бұл ақпаратты растады.

«Қазақстанның Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктерінің хатына байланысты елордада 3-4 шілде күндері мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істемейді», — делінген хабарламада.

ШЫҰ саммиті Астанада 3-4 шілдеде өтеді. 

Онда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылайды. 

Соңғы жаңалықтар