$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

SDU Университеті IB бағдарламасын алған Орталық Азиядағы тұңғыш оқу орны атанды

Дулат Абдраманов
17 желтоқсан 2025, 16:07
SDU Университеті IB бағдарламасын алған Орталық Азиядағы тұңғыш оқу орны атанды

Қазақстан білім кеңістігінде тағы бір маңызды белес бағындырылды.
SDU University Орталық Азияда алғаш рет International Baccalaureate ұйымының үш бірдей бағдарламасы — PYP, MYP және DP бойынша толық халықаралық аккредитациядан өткен жоғары оқу орны атанды.

Бұл — SDU University-дің енді тек университет емес, халықаралық стандарттағы IB мұғалімдерін даярлайтын орталыққа айналғанын білдіреді. Әлемде IB тарапынан ресми танылған бар болғаны 55 университет қана бар. Олардың қатарында Торонто, Мельбурн, Гонконг және Бат университеттері бар. Енді осы элиталық тізімде SDU University де тұр.

IB бағдарламасының басты артықшылығы — оқушыны жаттауға емес, ойлауға үйретуі. Дәстүрлі қазақстандық жүйеде баға мен тест нәтижесі алдыңғы орында тұрса, IB-де сыни ойлау, зерттеу жүргізу, пікір білдіру және жауапкершілік басты құндылық саналады. Мұнда «дұрыс жауап» емес, сол жауапқа қалай келгені маңызды.

Бағдарлама inquiry-based learning, зерттеушілік педагогика, қалыптастырушы бағалау және академиялық адалдық қағидаттарына негізделген. Бұл тәсіл оқушыны мұғалімге тәуелді етпей, өз бетінше ізденуге, сұрақ қоюға және шешім қабылдауға үйретеді.

Бүгінде Қазақстанда 17 IB World School жұмыс істейді. SDU University-дің үш деңгей бойынша аккредитация алуы осы мектептерді кәсіби кадрлармен қамтамасыз етіп, еліміздің халықаралық білім хабы ретіндегі позициясын нығайта түседі.

Соңғы жаңалықтар