$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

SDU студенті ұлттық киберқауіпсіздік чемпионатында үздік үштікке енді

Дулат Абдраманов
29 қазан 2025 15:26 70
SDU студенті ұлттық киберқауіпсіздік чемпионатында үздік үштікке енді

Киберқауіпсіздік саласындағы беделді Halyk OpenCTF чемпионатында SDU University студенті Рауан Исатай жүлделі 3-орын иеленді. Ол өз шеберлігінің арқасында 500 000 теңге көлеміндегі сыйақыға ие болды. 💻🏆

Halyk OpenCTF — елдегі ең мықты ІТ мамандар мен жас хакерлердің техникалық және стратегиялық қабілеттерін сынайтын ұлттық деңгейдегі дода. Биыл финалға небәрі 30 қатысушы өткен.

Рауан финалда күрделі тапсырмаларды жылдам әрі дәл орындап, жоғары кәсіби дайындық пен аналитикалық ойлау қабілетін көрсетті. Оның жетістігі SDU студенттерінің ІТ саласындағы бәсекеге қабілеттілігін тағы бір дәлелдеді.

«Бұл жеңіс мен үшін үлкен тәжірибе әрі жаңа биіктерге шабыт береді», — дейді Рауан Исатай.

Соңғы жаңалықтар