$ 519.55 € 596.03 ₽ 6.63

Саясат Нұрбек АҚШ визасын алатын студенттерге әлеуметтік желідегі аккаунттарын тазартуға кеңес берді

19 маусым 2025 16:26 34
Саясат Нұрбек АҚШ визасын алатын студенттерге әлеуметтік желідегі аккаунттарын тазартуға кеңес берді Сурет авторы: Shutterstock

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек АҚШ-қа студенттік виза алуға өтініш беретін қазақстандықтарға әлеуметтік желідегі аккаунттарын мұқият тексеріп шығуға кеңес берді.

«Барлық студентімізге ескерту жасағым келеді. Аккаунттарыңызды тазалап, жазған нәрселеріңізге аса сақ болыңыздар. Бұл визаға өтініш беретіндерге қатысты», – деді министр.

Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі студенттік визаларға өтініш қабылдауды қайта бастағанымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптарды күшейтті. Ішкі құжатқа сәйкес, АҚШ консулдығының қызметкерлері студенттер мен алмасу бағдарламаларына қатысушыларға виза беруде әлеуметтік желілерді толық және мұқият тексеруі тиіс.

Мақсат – АҚШ азаматтары, мәдениеті, үкіметі мен негізгі құндылықтарына дұшпандық көзқарасы бар адамдарды анықтау. Сондай-ақ саяси белсенділік танытқан азаматтарға да назар аударылады, себебі олар мұндай әрекеттерін АҚШ-та жалғастыруы мүмкін. Консулдық өкілдеріне тіпті өтініш берушіден әлеуметтік желідегі аккаунттарын ашық етуін сұрауға рұқсат берілген.

 
 
 

Соңғы жаңалықтар