$ 464.77 € 541.36 ₽ 5.41

Сабақта телефон қолдануға рұқсат берілді ме? Оқу-ағарту министрлігінің күтпеген мәлімдемесі

Редакция
28 тамыз 2026, 14:59
Сабақта телефон қолдануға рұқсат берілді ме? Оқу-ағарту министрлігінің күтпеген мәлімдемесі Сурет авторы: Shutterstock

Қазақстанда мектеп оқушылары сабақ кезінде телефондарын өшіріп, сөмкелеріне салып қойған жағдайда мұғалімге тапсырмауына болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова мәлімдеді.

Тиісті шектеу нормасы педагог мәртебесі мен білім беру мәселелеріне қатысты заң жобасына енгізілген. Заң жобасын талқылау барысында депутаттар кибербуллинг қаупін азайту мақсатында смартфондарды тіпті үзіліс кезінде де пайдалануға толық тыйым салуды ұсынған еді. Дегенмен, кейінірек тоталық шектеу енгізбеу, бірақ гаджеттерді пайдаланудың бірыңғай ережелерін бекіту туралы шешім қабылданды.

Шынар Ақпарованың айтуынша, министрлік арнайы талаптарды әзірлеп қойған. Жаңа ережеге сәйкес, оқу процесі кезінде оқушыларға ұялы телефонды пайдалануға қатаң тыйым салынады. Ал гаджеттерді сақтау тәртібін білім беру ұйымдары дербес айқындайды.

«Балалар ұялы телефондарды үзіліс кезінде пайдалана алады. Оқу процесі кезінде оларды қолдануға болмайды. Алайда, егер педагог күнтізбелік-тематикалық жоспарлауға (КТЖ) сәйкес қандай да бір тапсырмаларды жоспарласа, смартфондарды сабақ барысында КТЖ-ға сай пайдалануға рұқсат етіледі. Тұрғындардан телефондарды сейфте ұстауды талап етпейміз. Гаджеттер сыныпта, оқушының сөмкесінде өшірулі күйде жатуы тиіс. Сонымен қатар, ата-аналар балаларымен хабарласуы үшін бірыңғай байланыс нөмірлері қарастырылады», – деп атап өтті вице-министр.

Қазіргі уақытта заң жобасы келісу кезеңінен өтіп жатыр. Сондай-ақ, вице-министр телефон жоғалған жағдайда тиісті шаралар мән-жайға байланысты қабылданатынын, алайда мұғалімдерден материалдық өтемақы талап етілмейтінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар