QS 2026 рейтингі жарияланды: Қазақстандық қай университет әлемдік үздіктер қатарында бар?
Сурет авторы: ahc.leeds.ac.uk
Қазақстандық жоғары оқу орындары QS World University Rankings by Subject 2026 әлемдегі үздік университеттердің пәндік рейтингінде өз көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартты.
QS пәндік рейтингтері — бөлек мемлекеттер мен аумақтардағы 1900 университетте іске асырылатын 21 000-нан астам білім беру бағдарламасына жасалған тәуелсіз салыстырмалы талдау. Рейтинг 55 пәнді қамтиды және олар бес ірі салаға біріктірілген: «Өнер және гуманитарлық ғылымдар», «Инженерлік ғылымдар және технологиялар», «Өмір туралы ғылымдар және медицина», «Жаратылыстану ғылымдар», сондай-ақ «Қоғамдық ғылымдар және басқару».
Пәндік рейтингтердегі позициялар саны бойынша еліміздегі жоғары оқу орындарының арасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) көш бастады. Оқу орны 4 салалық және 23 пәндік рейтингке енді. Одан кейінгі орында бір салалық және 15 пәндік рейтингте ұсынылған Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) тұр. Сонымен қатар, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (ҚазҰАЗУ), Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті өздерінің бейіндік бағыттары бойынша жетекші орындарға ие болды.
QS өкілдері қазақстандық ЖОО-лар халықаралық аренадағы ықпалын күшейтіп, пәндік рейтингтердегі қатысу аясын кеңейтіп жатқанын атап өтті. Бұл туралы QS аға вице-президенті Бен Саутер мәлімдеді:
«2026 жылғы әлемнің үздік университеттерінің пәндік рейтингі Қазақстанның жоғары білім беру жүйесі өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттырып жатқанын көрсетеді. Жаңа пәндер бойынша 14 білім беру бағдарламасының дебют жасауы - елдің аймақтық білім беру орталығы ретіндегі халықаралық беделінің өскенін дәлелдейді. Сондай-ақ, Қазақстан ЖОО-лары «Білім беру және оқыту» және «Лингвистика» бағыттары бойынша көрсеткіштерін жақсартып, «Орындаушылық өнер» бойынша алғаш рет топ-100 қатарына енді».
QS өңірлік директоры Сергей Христолюбов Қазақстанның Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалғанын және үздік 100-дікке енген жалғыз ел екенін жеткізді:
«Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Білім беру және оқыту» бағыты бойынша әлемдік топ-50 қатарына енуі — өңірдегі жоғары білім тарихындағы ең жоғары көрсеткіш әрі ұлттық жүйенің зор жетістігі. Қазақстанның пәндік рейтингтердегі өкілдігі 13 ЖОО-ға дейін өсті. Олар 4 ірі сала мен 27 пән бойынша 70 позицияда ұсынылған, бұл — ел үшін рекордтық көрсеткіш».
Осылайша, QS World University Rankings by Subject 2026 қорытындысы қазақстандық университеттердің әлемдік білім беру кеңістігіндегі рөлінің нығайғанын растайды. Қатысушы ЖОО-лар санының артуы мен жекелеген пәндердегі жетістіктер ұлттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін және Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші академиялық орталық ретіндегі мәртебесін айқындай түседі.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын