$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Павел Дуров 12 ауыл баласының оқуын төлеп берді

Редакция
15 тамыз 2024 02:40 2375
Павел Дуров 12 ауыл баласының оқуын төлеп берді Сурет авторы: Facebook/ Айдын Рақымбаев

Павел Дуров 12 ауыл баласын IQanat мектебінде оқытуға 356 000$ қаржы бөлді. Бұл туралы BI Group басшысы Айдын Рақымбаев Facebook парақшасында мәлімдеді.

Кәсіпкердің айтуынша, Дуров Бурабайға жасаған сапарында осы мектепті Google Maps-тен байқап, қызығушылық танытқан. Кейін мектепті өз көзімен көргісі келген. 

"Мектепке келгенде оқу процесінің егжей-тегжейін, оң мыңдаған ауылдан балалар қалай таңдап алынатынын сұрай бастады. Қызығушылығы артқан сайын, сұрақтары да көбейе берді. Кезінде өзі де дарынды балаларға арналған мектепті бітіріпті", – деп жазды ол.

Рақымбаев Дуров мектепті ұзақ аралап, оқыту ерекшеліктерін жақсырақ біле түсті деді. Қарапайым ауылдан шыққан балалардың оқу жылдарында қалай қатты өзгеретінін, үздік жоғары оқу орындарына, соның ішінде шетелдік университеттерге түсетінін білгеннен кейін грант алуға ұпайы аздап жетпей тұрған бірнеше баланың оқу ақысын төлеп беруді ұсынған.

"Бірнеше апта онымен хат алмасып жүрдік, әрине Telegram-да. Үміткерлерді іріктеуді өзі қолға алғанда таңғалдым. Балалар жайлы көбірек білген соң, грант санын 12-ге көбейтті", – деп хабарлады BI Group басшысы.

Соңғы жаңалықтар