$ 519.64 € 609.23 ₽ 6.62

Оқушылардың каникул кезіндегі тәртіпсіздігі үшін неге мектеп директоры мен мұғалімдер жауап беруі тиіс?

Абдрахманов Мағжан
25 маусым 2025 17:30 47
Оқушылардың каникул кезіндегі тәртіпсіздігі үшін неге мектеп директоры мен мұғалімдер жауап беруі тиіс? Сурет авторы: ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов каникул күндері не сабақтан тыс уақытта оқушылардың құқық бұзушылығына байланысты мектеп директорлары мен мұғалімдерді жауапқа тарту тәжірибесін орынсыз деп есептейді.

"Мектеп директорлары мен меңгерушілерді мектептен тыс уақытта, демалыс немесе каникул кезіндегі оқиғалар үшін жазалау, тәртіптік шара қолдану немесе жұмыстан босату заңға да, логикаға да қайшы", – деп бөлісті депутат.

Оның айтуынша, бұл мәселені шешу үшін халықаралық тәжірибеге қарау керек. 

"Дамыған елдерде мектеп басшылары тек оқу процесі мен ресми мектеп іс-шаралары аясында ғана жауап береді. Басқа жағдайда ата-аналар толық жауапты. Бұл – әділетті әрі тиімді тәсіл", – деп қорытындылады ол. 

Соңғы жаңалықтар