$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Оқу-ағарту министрі ата-аналарға соңғы қоңырауға қатысты үндеу жасады

Редакция
13 наурыз 2025 02:19 3580
Оқу-ағарту министрі ата-аналарға соңғы қоңырауға қатысты үндеу жасады Сурет авторы: ашық дереккөзден

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев биылғы соңғы қоңырау 25 мамырда өтетінін және оның күні өзгермейтінін мәлімдеді.

"Мектеп – тәрбиенің көзі, өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі. Егер ата-аналар болып мейрамхана мен кафелерді ұйымдастырып жүрсек, онда қандай ұрпақ тәрбиелейміз? Сондықтан қарапайым, үнемшіл болуымыз қажет. Барлық қаражатты балалардың әл-ауқатына жұмсаған жөн," – деді ол.

Министр ата-аналарды соңғы қоңырауды қарапайым форматта атап өтуге шақырды. Оның айтуынша, балалардың амандығы мен дамуына көбірек көңіл бөлу маңызды.

Оқушылар 21-31 наурыз аралығында демалады, ал IV тоқсан 1 сәуірде басталады.

Соңғы жаңалықтар