$ 491.88 € 585.83 ₽ 6.36

Nurorda Almaty оқушылары Жәутіков олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетті

Редакция
10 ақпан 2026, 09:24
Nurorda Almaty оқушылары Жәутіков олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетті

10–15 қаңтар аралығында Алматы қаласында Республикалық физика-математика мектебінің базасында өткен Жәутіков атындағы халықаралық олимпиадада Nurorda Almaty мектебінің оқушылары үздік нәтиже көрсетті. Олар Алматы қаласының құрамасы мен Қазақстан Республикасының ұлттық командасы сапында ел намысын лайықты қорғады.

Математика пәні бойынша Nurorda Almaty оқушылары екі алтын, екі күміс және екі қола медаль иеленді. Атап айтқанда, Ағыбаев Ануар мен Кудайбергенов Амирхан – алтын, Алтынбек Ерасыл мен Ашкен Ілияс – күміс, ал Батырхан Аружан мен Еркебұланұлы Али – қола медальдарға қол жеткізді.

Физика пәнінен Жоламан Абылайхан күміс медаль жеңіп алып, команданың қоржынына тағы бір жүлде қосты.

Осы нәтижелердің арқасында Nurorda Almaty математика бағыты бойынша мектептер рейтингінде көшбасшылардың қатарынан көрініп, халықаралық деңгейде білім сапасы мен оқушылардың дайындық деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Мектеп ұжымы мен ұстаздар қауымы жеңімпаз оқушыларды құттықтап, алдағы халықаралық сайыстарда да биік белестерді бағындыруға тілектестік білдірді.

Соңғы жаңалықтар