$ 453.65 € 509.99 ₽ 5.31

Nazarbayev University ТМД елдері бойынша бірінші орынға шықты

Редакция
06 қазан 2026, 17:15
Nazarbayev University ТМД елдері бойынша бірінші орынға шықты Сурет авторы: Nazarbayev university

Әлемдік Times Higher Education 2027 статистикасы бойынша Nazarbayev University әлемнің 376-400 орнында орналасқан. Рейтингке сүйенсек, Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші орынға шықты.Өткен жылы университет ТМД бойынша 4-орында орналасқан болатын , ал биыл көптеген ресейлік жоғары оқу орындарынан асып түсті.

Биылғы рейтингке 118 елдің 2297 университеті енді. Қазақстаннан жалпы 10 жоғары оқу орны әлемдік рейтинг тізімінен орын алды. 

Nazarbayev University ТМД аймағындағы бірқатар жетекші университеттен жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтқанда:

Moscow Institute of Physics and Technology — 401–450 орын;

Bauman Moscow State Technical University — 551–600 орын;

National Research University Higher School of Economics — 601–650 орын аралығында орналасқан университеттерді басып озды.

Nazarbayev University соңғы жылдары рейтингтегі орнын тұрақты жақсартып келеді. Университет 2024 жылы алғаш рет 501–600 орын аралығына енсе, 2026 жылы 401–500 орынға, ал биыл 376–400 орынға көтерілді.

 

Ислам Баман

Соңғы жаңалықтар