$ 519.55 € 596.03 ₽ 6.63

Назарбаев зиятркерлік мектебінен шығарылған оқушы жалпы мектептен аттестат алды

20 маусым 2025 12:50 10
Назарбаев зиятркерлік мектебінен шығарылған оқушы жалпы мектептен аттестат алды Сурет авторы: Facebook/ Жангельды Сулейманов

Алматыдағы НЗМ-нен оқу жылының соңына санаулы күн қалғанда шығарылған 11-сынып оқушысы Сұңқар жалпы білім беретін мектепте емтихан тапсырып, орта білім туралы аттестат алды. Бұл туралы заңгер Жангелді Сүлейменов өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

«Сұңқарды 23 мамырда НЗМ-нен шығарып жіберді. Ол 1 қыркүйектен бастап қарапайым мектепке ауысып, тағы бір жыл оқуы тиіс болатын. Бірақ қоғамның шамамен 20 пайызы оның құқығын қорғап, әділеттілік талап етті. Нәтижесінде оған емтихан тапсыруға рұқсат берілді және ол аттестат алды», – деп жазды Сүлейменов.

Еске салайық, бұған дейін 23 мамыр күні Алматыдағы НЗМ-де 11-сынып оқушысы оқу орнынан шығарылған болатын. Ресми мәліметке сәйкес, шешім оқушының емтихан кезінде тәртіп бұзып, мұғалімді қорлағаны үшін қабылданған. Бұл жағдай қоғамда қызу талқыланып, әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырды.

Соңғы жаңалықтар