$ 485.4 € 550.69 ₽ 6.41

Мектептерде смартфонды қолданудың жаңа ережелері қандай болмақ

Редакция
26 маусым 2026, 15:16
Мектептерде смартфонды қолданудың жаңа ережелері қандай болмақ Сурет авторы: Газета “Время”

Қазақстан мектептерінде смартфондарды қолдануға қатысты даулы мәселе шешімін тауып келеді. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, оқушыларға гаджеттерді пайдалануға қатысты «алтын орта» табылмақ.

Депутаттар кибербуллингтің алдын алу мақсатында смартфондарды тіпті үзіліс кезінде де мүлдем шектеуді ұсынған болатын. Алайда министрлік мұндай қатаң тыйымнан бас тартты. Оның орнынабірыңғай ережелер жүйесі енгізіледі.

Министр жоғары сынып оқушылары үшін телефонның қажетті құрал екенін алға тартады. Себебі заманауи оқу бағдарламалары, халықаралық емтихандар мен ҰБТ-ға дайындық онлайн-платформалар арқылы жүзеге асады. Сондықтан жоғары сыныптарда смартфондарды оқу процесіне тиімді пайдалану қарастырылуда.

Ал 7-сыныпқа дейінгі оқушылар үшін ереже қатаң болмақ: сабақ кезінде олар телефондарын арнайы орындарға тапсыруға міндеттеледі. Қазіргі таңда бұл мәселе мұғалімдер қауымдастығымен бірлесе талқыланып жатыр.

Соңғы жаңалықтар