$ 493.36 € 572.84 ₽ 6.29

Мектептегі инновация: Жасанды интеллект балалардың сабаққа дайындығын қалай анықтайды?

Редакция
09 қаңтар 2026, 14:55
Мектептегі инновация: Жасанды интеллект балалардың сабаққа дайындығын қалай анықтайды? Сурет авторы: Gov.kz

Астанадағы Әлімхан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейінде жасанды интеллект негізіндегі әлеуметтік платформа іске қосылды. Бұл жобаны информатика пәнінің мұғалімі Нұрхат Плалов жасап шығарған, деп хабарлайды Астана әкімдігі.

Жүйе небәрі бір минуттың ішінде оқушылардың көңіл-күйі мен сабаққа дайындығын анықтайды. Сонымен қатар сыныптағы жалпы психологиялық ахуалды талдап, мұғалімге сабақты балалардың жай-күйіне қарай бейімдеп өткізуге көмектеседі.

Әзірлеушінің айтуынша, жобаның басты мақсаты - оқушылардың эмоционалды жағдайына назар аудару арқылы оқуға деген қызығушылығын арттыру және мұғалім мен бала арасындағы байланысты жақсарту.

Соңғы жаңалықтар