$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Мектеп психологтарының жалақысы көтерілуі мүмкін

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 2899
Мектеп психологтарының жалақысы көтерілуі мүмкін Сурет авторы: ашық дереккөзден

Сенаттың жалпы отырысында депутат Ғалиасқар Сарыбаев мектеп психологтарының жалақысын көтеру туралы ұсыныс айтты. ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновке жолдаған сауалында депутат бұл кәсіптің құқықтық мәртебесін арттыруды да ұсынды, деп хабарлайды qrnews.kz.

Оның айтуынша, мектеп психологтарының мойнында жүктеме көп. Орта есеппен мектептерде 1,5 мың бала оқиды, ал психологтар олардың бәріне көмек көрсетіп үлгермейді.

Сенатордың пайымдауынша, Қазақстанда білім беру мекемесіндегі психологтардың стандартты санының есебін қайта қарап, белгілі бір деңгейі мен құзыреті бар психологтардың болуын қамтамасыз ету қажет.

Ол сондай-ақ педагог психологтарының тапшылығына байланысты жоғары оқу орындарының мамандарды даярлауға бөлетін гранттарын арттыруға назар аударуды ұсынды.

“Бүгінде мамандардың мемлекеттік білім беру мекемелерінен жеке құрылымдарға ауысуы орын алып жатыр. Себебі балалардың өмірі, денсаулығы мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудегі психологтардың жоғары жауапкершілігі, сондай-ақ еңбекақының төмен дейгейі тікелей әсер етіп жатыр. Қазір 10 жыл өтілі бар психолог орта есеппен 143 мың теңге, 20 жылы өтілі бар маман 150 мың теңге жалақы алады.

Ресми түрде психолог штаттары 1987 жылы мектептерге енгізілгенімен, олардың заңды мәртебесі әлі де анықталмаған. Еңбекақы төлеу жүйесінде олар қосымша мамандық ретінде айқындалған", - дейді Сенат депутаты.

 

Соңғы жаңалықтар