$ 440.86 € 500.77 ₽ 5.27

Мектеп оқушылары күзде неше күн демалады

Абдрахманов Мағжан
01 қазан 2026, 10:16
Мектеп оқушылары күзде неше күн демалады Сурет авторы: Magnific

Қазақстандық оқушылардың күзгі демалысы 26 қазанда басталып, 1 қарашаға дейін жалғасады. Оқушылар жеті күн демалады.

Оқу-ағарту министрлігі 2026/2027 оқу жылындағы каникул кестесін шілде айының соңында бекіткен. Кестеге сәйкес, бірінші тоқсан сегіз оқу аптасынан тұрады. Күзгі демалыс жеті күнге – 26 қазаннан 1 қарашаға дейін белгіленген.

Биыл күзгі демалыстың алғашқы күні Республика күніне байланысты ауыстырылған демалыспен тұспа-тұс келеді. 25 қазан жексенбіге түскендіктен, демалыс күні дүйсенбіге, 26 қазанға ауыстырылады.

Екінші тоқсан 2 қарашада басталады және сегіз оқу аптасына созылады.

Соңғы жаңалықтар