$ 456.88 € 534.64 ₽ 5.47

Магистратура грантына ие болғандардың тізімі қашан жарияланады

Редакция
21 тамыз 2026, 17:00
Магистратура грантына ие болғандардың тізімі қашан жарияланады Сурет авторы: masa.media

Қазақстанда жаңа оқу жылына арналған магистратура гранттарын бөлу бойынша арнайы комиссияның шешуші отырысы өтті. Еліміздің Ғылым және жоғары білім министрлігі, мемлекеттік органдар, кәсіподақтар мен "Атамекен" ҰКП өкілдерінен құралған сарапшылар тобы биылғы ең білімді әрі лайықты үміткерлерді анықтады.

Биылғы бәсеке рекордтық деңгейге жетті - білім грантын жеңіп алуға 23 мыңға жуық үміткер өтініш білдірген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда бірден 3 мыңға артық. Болашақ магистранттар арасында ең тартысты дода «Педагогикалық ғылымдар», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» және «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» бағыттары бойынша өтуде.

Тағатсыздана күткен шешім шығуға сәттер қалды: мемлекеттік грант иегерлерінің толық тізімі 25 тамызға дейін Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлттық тестирлеу орталығының ресми әлеуметтік желілерінде жарияланады. Ал грант иегерлерін жоғары оқу орындарына заңды түрде қабылдау 28 тамызға дейін созылады.

 

Соңғы жаңалықтар