$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қытайдың ғарыш аппараты Айдың арғы бетіне сәтті қонды

Редакция
02 маусым 2024 10:19 4241
Қытайдың ғарыш аппараты Айдың арғы бетіне сәтті қонды

Қытайдың "Чанъэ-6" ұшқышсыз ғарыш аппараты Айдың қараңғы жағына сәтті қонды. Бұл туралы "Синьхуа" ақпарат агенттігі хабарлады.

Аппараттың мақсаты – Айдың топырақ үлгілерін Жерге жеткізу.

Бұған дейін бірде-бір мемлекет Айдың қараңғы жағын зерттеп көрмеген. "Чанъэ-6" екі күн ішінде екі кило Ай топырағын жинауға тиіс. Ол ішкі Моңғолия ауданына шамамен 25 маусымда қонбақ.

Айға биыл осымен Жерден жіберілген үшінші аппарат қонып отыр. Қаңтар айында Айға – жапонның SLIM зонды, бір айдан кейін америкалық Intuitive Machines қонған.

Ай топырағын зерттеу ғалымдарға Ай мен тұтас Күн жүйесінің қалыптасу тарихын түсінуге көмектеседі. Қытай 2030 жылға қарай Айға ұшқыштарын жіберуді жоспарлап отыр. Қытайдың Ай бағдарламасы бойынша әріптесі – Ресей. АҚШ өзінің Artemis бағдарламасы аясында 2026 жылы немесе одан кешірек Айға астронавтарын жіберуді көздеп отыр.

 

Соңғы жаңалықтар