$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Колледж директоры 30 млн теңгеге жуық қаржы жымқырған

Редакция
28 мамыр 2024 09:59 4259
Колледж директоры 30 млн теңгеге жуық қаржы жымқырған Сурет авторы: ҚМА баспасөз қызметі

Маңғыстауда колледж директоры ірі көлемде қаржы жымқырғаны үшін сотталды. Білім мекемесінің басшысы 30 миллион теңгеге жуық қаржыны жымқырған, деп хабарлайды Qrnews тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Талдау барысында гуманитариялық колледжінің директорымен қызметкерлерге тиесілі еңбек сыйақы төлемдерін жымқыру фактісі белгілі болды.

"Атап айтқанда, колледж директоры 2022 жылғы желтоқсан және 2023 жылдың тамыз айлары аралығында колледждің 29 қызметкеріне сыйақы беру туралы негізсіз бұйырықтар шығарып, 29,5 млн теңгені заңсыз иемденген", – делінген хабарламада.

16 мамырда Бейнеу аудандық сотының үкімімен колледж директоры ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Мемлекетке келтірілген шығын 29 550 929 теңге өндірілді.

Соңғы жаңалықтар