$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

ҚБТУ мемлекет меншігіне өтті

Редакция
04 наурыз 2025 04:40 2658
ҚБТУ мемлекет меншігіне өтті Сурет авторы: ҚБТУ

Бұл туралы университеттің жарияланған есебінде көрсетілген. Аталған өзгеріске алғаш болып «Курсив» басылымы назар аударды.

Есепке сәйкес, университет 27 ақпаннан бастап жаңа акционердің бақылауына берілген. Бұған дейін ҚБТУ-ды Нұрсұлтан Назарбаев білім қоры бақылап келген. Аталған қордың негізгі бенефициары – Қазақстанның бұрынғы президентінің қызы Динара Құлыбаева.

Алайда қордың ресми сайтында КБТУ әлі де оның активтерінің қатарында көрсетілген. Сонымен бірге, университеттің өз сайтында да акционерлік өзгерістер туралы ресми ақпарат жарияланбаған.

КБТУ 2000 жылы құрылған, ал 2003 жылдан бастап оның жалғыз акционері «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы болды. 2010-2011 жылдары университетке үш ғылыми институт берілді. Ал 2018 жылы КБТУ Нұрсұлтан Назарбаев білім қорына сатылған еді.

Соңғы жаңалықтар