$ 506.7 € 593.14 ₽ 6.53

Қазақстандықтар Қытай жоғары оқу орындарына грантқа құжат тапсыра алады

Редакция
21 қаңтар 2026, 10:36
Қазақстандықтар Қытай жоғары оқу орындарына грантқа құжат тапсыра алады Сурет авторы: ulysmedia

Қытайдың жоғары оқу орындары шетелдік талапкерлер үшін құжат қабылдауды бастады. Қазақстан азаматтары үшін 2026–2027 оқу жылына бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша 73 мемлекеттік грант бөлінген.

Грант иегерлеріне мынадай жеңілдіктер беріледі:

  • Тегін оқу;
  • Ай сайынғы шәкіртақы (төлемдер);
  • Медициналық сақтандыру;
  • Жатақханада тұру.

Қалған шығындарды студенттер өз бетінше төлейді.

 Құжат қабылдау мерзімі:
Құжаттар 21 қаңтар мен 10 ақпан аралығында қабылданады. Өтінімді eGov.kz порталы арқылы немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығында» тапсыруға болады.

Соңғы жаңалықтар