$ 465.74 € 537.23 ₽ 5.62

Қазақстандық жоғары оқу орны әлемдік рейтингте Канада мен Испания университеттерін артта қалдырды

Редакция
12 тамыз 2026, 12:25
Қазақстандық жоғары оқу орны әлемдік рейтингте Канада мен Испания университеттерін артта қалдырды Сурет авторы: farabi.university

Еліміздің жетекші университеті соңғы онжылдықта QS World University Rankings жаһандық рейтингінде елеулі серпіліс жасады. Оқу орны 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда өз позициясын 59 сатыға жақсартып, 2026 жылы 177-орынға табан тіреді. Даму қарқыны бойынша отандық оқу орны Канада, Испания және Таиландтың бірқатар беделді ЖОО-ларын басып озды. Бұл туралы деректерді «Freedom Life» компаниясының сарапшылары жүргізген талдау нәтижесі көрсетіп отыр.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, университеттердің халықаралық аренадағы бұл сияқты табысы мемлекеттің ғылым мен білімге салған ұзақ мерзімді инвестициясына тікелей байланысты. Соңғы жылдары мұндай қарқынды серпіліс Азия мен Таяу Шығыс елдерінде айқын байқалуда. Малайзия, Сауд Арабиясы, БАӘ, Индонезия, Австралия және Қытайдың жоғары оқу орындары да мемлекеттік бағдарламалардың арқасында өз позицияларын айтарлықтай нығайтқан.

Сарапшылар рейтингтегі жоғары орын әрдайым тым қымбат бағаны білдірмейтінін де анықтады. Мәселен, Қытайдың Пекин университетінде оқу жылына 1,8–2,1 млн теңге аралығын құраса, бұл отандық көшбасшы ЖОО-дағы бағамен (1,1–1,9 млн теңге) шамалас. Ал Канада мен Австралияның жетекші оқу орындарында жылдық оқу ақысы 16,5-тен 20,3 млн теңгеге дейін жетсе, Сауд Арабиясында шетелдік студенттерге тегін білім мен стипендия ұсынатын оқу орындары бар.

Сарапшылар бала мектепті бітіргенге дейін оқу бағасы мен рейтингтер өзгеретіндіктен, білім капиталын ерте бастан жинақтаудың маңыздылығын ескертеді. Мемлекеттік «Келешек» бағдарламасы аясында 5 жасқа толған балаларға 60 АЕК (әлеуметтік осал топтарға 120 АЕК) көлемінде бастапқы капитал беріліп, жылдық мемлекеттік сыйақы мен сақтандыру компаниялары тарапынан 14%-ға дейінгі инвестициялық табыс қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар